АҚШ пен Израиль бірлесіп Иранға шабуыл жасады

630

28 ақпанда Израиль Ирандағы әскери нысандарға өте ауқымды әуе соққысын жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ пен Израиль бірлесіп Иранға шабуыл жасады Фото: independent.co.uk

Шамамен 200 жойғыш ұшақ қатысқан бұл операция Израиль әуе күштері тарихындағы ең ірі шабуыл деп бағаланды.

Кейбір дереккөздер Иранның жоғары лауазымды әскери басшылары қаза тапты деп хабарлады, бірақ Иран ресми түрде бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Операцияға АҚШ тікелей араласты. Президент Дональд Трамп Флоридадағы резиденциясынан ұлттық қауіпсіздік тобы арқылы әуе соққыларын бақылады. АҚШ әскерилері Израильмен бірлесіп, зымыран және дрон соққыларын қадағалады.

Дональд Трамп бұл қадамды "Америка халқын қорғау және Иранның ядролық бағдарламасына жол бермеу" деп түсіндірді.

Иран жауап ретінде Израильге және Парсы шығанағындағы АҚШ базаларына зымырандар атты. Кейбірін БАӘ, Кувейт, Қатар және Бахрейн әуе қорғаныс жүйелері тойтарды.

Иранның Революциялық гвардиясы "Ақиқат уәде 4" атты операцияны жариялап, Парсы шығанағының кейбір аймақтарында жарылыстар болды. Ормуз бұғазы уақытша жабылып, мұнай бағасы күрт көтерілді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл оқиға Таяу Шығыстағы геосаяси тұрақтылыққа үлкен қауіп төндіреді. Жоғарғы лауазымды тұлғалардың тағдыры белгісіз болған жағдайда Иран ішкі саяси тұрақтылығын сақтау қиынға соғуы мүмкін.

Сонымен бірге, Ормуз бұғазының жабылуы жаһандық мұнай нарығына қысым жасайды. Қақтығыстың өршуі өңірдегі шиеленістің одан әрі күшеюіне және ядролық бағдарламаларға бақылаудың күшейуіне әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу