Оның сөзінше, Тель-Авив қазіргі уақытта басты назарды Иранмен қақтығысқа аударып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Десе де, бұл саясат ұзаққа созылмауы ықтимал. Өйткені, Израиль үнемі жаңа қауіп қалыптастыруға бейім тұрады. Сол себепті, Израиль Ираннан кейін келесі қарсыласы ретінде Түркияны таңдауы мүмкін.
Бұған Түркияның Палестина мәселесіне қатысты белсенді ұстанымы себеп болады. Хакан Фиданның пікірінше, аталған жайт Түркияны Израильге дұшпан ел ретінде қарастыруға негіз саналуы мүмкін.
Сонымен қатар, Түркия Сыртқы істер министрі сұхбатында Таяу Шығыстағы жалпы жағдай мен аймақта Израильдің әскери белсенділігінің артуына ерекше тоқталып өтті.
– Израиль Ираннан кейін қарсылассыз өмір сүре алмайды. Сондықтан ол белгілі бір риторика қалыптастырып отыр. Біз тек Нетаньяху үкіметін ғана емес, оппозициядағы кейбір тұлғалардың да Түркияны жаңа қарсылас ретінде көрсетуге бейім екенін байқап отырмыз. Алдымен бұл үрдіс Израильде қоғамдық-саяси пікір деңгейінде қалыптасады, кейін ол мемлекеттік стратегияға айналып, ресми саясатқа ұласуы мүмкін, – дейді ол.