Қақтығысқа АҚШ президенті Дональд Трамптың да араласуы мүмкін екені айтылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран СІМ басшысы Аббас Арагчидің бір мәлімдемесіне күмәнмен қарады. Ол – Ислам Республикасы Израиль өзінің агрессиясын тоқтатса, соққы беруді тоқтатуға дайын екендігі туралы мәлімдеме. Бұл туралы ТАСС толығырақ хабарлады.
– Мәселе деэскалацияда немесе атысты тоқтатуда емес. Мәселе біздің өмір сүруімізге қауіп төндіретін нәрсені тоқтатуда және біз оларды тоқтатуға ниеттіміз, – деді Нетаньяху.
Еске салайық, Арагчи Иранның қорғанысы толық заңды екенін айта келе, "егер Израиль агрессиясын тоқтатса, Тегеранның жауап әрекеттері де тоқтайды" деп мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ол Израильдің ядролық мәселеде ешқандай келісімге қол жеткізгісі және келіссөз жүргізгісі келмейтінін және дипломатияны қаламайтынын ерекше атады.
Қызық болғанда, Владимир Путин Иран мен Израиль арасында бейбітшілік орнату үшін делдал рөлін өз мойнына алуға дайын екенін айтқан. АҚШ президенті Трамп та бұған араласуы ықтимал.
Израиль Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігіне тиесілі ғимараттардың біріне соққы бергені хабарланды.
– Израиль Иран Сыртқы істер министрлігінің ғимараттарының біріне қасақана және аяусыз соққы берді. Бірнеше бейбіт тұрғын, соның ішінде менің әріптестерім де жараланды, – деп жазды Сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Хатибзаде Х желісінде.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген, ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр.