Жеке санкция салған елдердің қатарында Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия және Норвегия бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай мәлімет бес елдің сыртқы істер министрлері басшыларының бірлескен мәлімдемесінде жарияланды. Санкция олардың активтерін бұғаттау мен елге кіруге тыйым салуын қарастырмақ.
– Біз екі мемлекет негізінде қабылданған шешімді қолдаймыз және оны серіктестермен бірге жүзеге асырамыз. Бұл – Израиль мен Палестина тұрғындарының қауіпсіздігі мен өңірдегі тұрақтылықты ұзақ мерзімге қамтамасыз етудің жалғыз жолы. Десе де, бұған экстремист қоныстанушылар тарапынан жасалып отырған күш көрсету әрекеттері мен қонысты кеңейту шаралары қауіп төндіріп отыр, – делінген хабарламада.
Онда Итамар Бен-Гвир мен Бецалель Смотричтің арандату арқылы экстремистік күш көрсетіп, палестиналықтардың құқығының айтарлықтай бұзылуына ықпал еткені айтылып отыр.
Мәлімдемеде бұлай етуге үзілді-кесілді болмайтыны, кінәлілерді жауапқа тарту сол мақсатта жүзеге асырылғаны ескертілген.
– Біз шұғыл түрде атысты тоқтатып, кепілдегі қалған адамдардың жедел түрде босатылып, азық-түлікті қоса алғанда гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуіне күш саламыз. Біз ХАМАС басқармайтын, қалпына келтірілген Газа секторын және екі мемлекет негізінде шешілетін саяси бағытты көргіміз келеді, – деп түсіндірді министрлер.
Осыған қарамастан мәлімдемеде Ұлыбритания мен оның серіктестерінің Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Газа секторында атысты шұғыл тоқтату үшін Израиль үкіметімен ынтымақтастықта жұмыс істейтіні айтылған.