Норвегиялық шаңғышы әлемдегі алғашқы 9 дүркін қысқы Олимпиада чемпионы атанды

111

Ол – 29 жастағы шаңғышы Йоханнес Клебо.

Норвегиялық шаңғышы әлемдегі алғашқы 9 дүркін қысқы Олимпиада чемпионы атанды Фото: olympics.com

Йоханнес Клебо Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында (Италия) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасының эстафетадағы жеңісінен кейін 9 дүркін Олимпиада чемпионы мәртебесіне ие болды.

Йоханнес Клебо Олимпиададағы алтын медаль саны бойынша норвегиялық шаңғышылар Бьорн Дэли мен Марит Бьёрген, сондай-ақ биатлоншы Уле-Эйнар Бьорндален көрсеткішінен асып түсті.

Бұған дейін аталған үш спортшының әрқайсысының еншісінде 8 алтын медальдан болып, қысқы Олимпиада ойындарының рекорды соларға тиесілі еді.

Айта кетейік, Италиядағы қысқы ойындар аясында Йоханнес Клебоның командалық спринт пен марафонда алтын жүлде үшін күресуге әлі де мүмкіндігі бар.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады. Жарыс бағдарламасында барлығы 116 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу