Кадеттеріміз халықаралық жарыстан олжалы оралды

307

Сербияда таэквондодан өткен жарыста еліміздің жасөспірімдер құрамасы жалпы есепте 1-орынға ие болды. 

Кадеттеріміз халықаралық жарыстан олжалы оралды Фото: olympic.kz

Белградта (Сербия) таэквондодан кадеттер мен жасөспірімдер арасында өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті.

Кадеттер 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Ал жасөспірімдеріміз 4 алтын мен 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

Кадеттер арасында Хамзальпер Ромашкин (61 кг) пен Диас Байдуллаев (33 кг) чемпион атанды. Күміс жүлдені Стацина Руслан (37 кг) жеңіп алды. Ерсұлтан Оразбекұлы (49 кг), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 кг) және Исенгелдин Мирас (65 кг) қола жүлдегер атанды.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Шаптефраць Егор (+78 кг), Тасқын Теміржан (51 кг), Саматұлы Нұрперзент (48 кг), Рахымберді Қанат (68 кг) алтын медаль жеңіп алды. Болатұлы Бекет (73 кг) қола жүлде еншіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу