Қайдасың, Ереван?!

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2443

31 мамырдан бастап SCAT Астанадан Ереванға рейстер орындай бастайды.

Қайдасың, Ереван?!

Әуе компаниясының сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, 31 мамырда Астанадан Ереванға (Звартноц әуежайы) ұшатын ұшақ билетінің құны 57 668 теңгені құрайды. Ал барып-қайту билетінің (31 мамырда Астанадан Ереванға ұшса, 7 маусымда кері қайтады) ең арзаны 86437 теңге тұрады ("Арнайы Промо" тарифі). Ұшақ Астанадан сағат 10:10-да ұшып шықса, Ереванға жергілікті уақыт бойынша сағат 11:40-та қонады. Жол жүру уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Кері қайтқанда сағат 12:40-та шығып, Астанаға 18:10-да қонады, ұшу уақыты – 3 сағат 30 минут.

"Эконом Стандарт" барып-қайту билетінің құны 162128 теңгеге жетеді. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері ұшырылады.

Одан бөлек, әуе компаниясы Астана – Минералды сулар рейсін іске қоспақ. Ол 2017 жылдың 2 маусымы мен 27 қазаны аралығында, жұма күндері сағат 10:10-да және дүйсенбі күндері сағат 10:50-де Астанадан ұшырылады.

"Арнайы Промо" тарифі бойынша барып-қайту билетінің құны 98 101 теңгені құрайды. Астанадан 2 маусым күні сағат 10:10-да ұшса, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10 Минералды суларға келіп қонады, ұшу уақыты – 3 сағат. Ал "Эконом Стандарт" тарифі бойынша ұшу құны 173 792 теңгені құрайды.

Қайту 9 мамырда сағат 11:10-да, ол Астанаға 17:20-да келіп қонады, ұшу уақыты – 3 сағат 10 минут.

Бұған дейін SCAT Ереван мен Минералды суларға тек Ақтаудан ғана ұшатын. Компания екі бағыт та бірнеше жыл қатарынан көпшіліктің сұранысына ие болып келе жатқанын айтады.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу