Матчтың бірінші таймында Қырғызстан құрамасының ойыншысы Гүлжігіт Алықұлов есеп ашты. Бұл голдың салынуына "Астананың" үш қорғаушысы да "септігін" тигізді. Бірінен соң бірі қателесіп, "Қайраттың" қызықты шабуылына қарсы еш қауқар көрсете алмады. Тіпті қақпашы Ненад Эричтің қайта-қайта секіріп, голды қайтарғысы келгенінің өзі аянышты көрінді. Жақсы қақпашы қанша талпынса да, қорғаушылар нашар болса ештеңе де қайтара алмайды екен.
Екінші тайм бастала салысымен Айбол Әбікен тағы бір гол салып, алматылық командаға сенімділік ұялатты. Елордалықтар екі голды қайтару жөнін ойлағанымен таразы басын теңестіру қиын болатынын анық сезінді. Содан болар, тіпті қатты шабуылдап, "Қайрат" қорғанысына лап қоймады да. Себебі, іле-шала өз қақпаларына үшінші голды жіберді. Бұл голды Урош Радакович өз қақпасына салды. Сербиялық легионерге пас берген тағы сол Алықұлов. Гүлжігіт осы ойынның гүлі болды.
"Қайратта" қазір 29 ұпай. Шпилевскийдің командасы 12 ойын өткізген. Ал 11 матч ойнаған "Тобыл" еншісінде 20 ұпай бар. Қалып кеткен бір матчын жеңсе қостанайлық клуб "Қайраттан" 6 ұпай ғана қалып тұрады. Демек, чемпионат соңына дейін "Тобылда" әлі мүмкіндік бар деген сөз.
"Қайрат" – "Астана" – 3:0
Голдар: Гүлжігіт Алықұлов 24, Айбол Әбікен 47, Урош Радакович 49 (автогол)
Ескертулер: Айбол Әбікен 52, Гүлжігіт Алықұлов 55 – Тигран Барсегян 29, Абзал Бейсебеков 70, Рунар Мар Сигурьонссон 78
"Қайрат": Стас Покатилов (В) – Гафуржан Суюмбаев (К), Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Дино Миканович – Яцек Гуральский, Небойша Косович, Гүлжігіт Алықұлов, Айбол Әбікен – Вагнер Лав (Артур Шушеначев 80), Абат Айымбетов (Адеринсола Эсеола 78);
Резерв: Данил Устименко (В) – Сергей Кейлер, Денис Поляков, Нурлан Даиров, Камо Оганесян – Адам Адахаджиев, Конрад Вржещиньский, Султанбек Астанов;
"Астана": Ненад Эрич (В) (К) – Дмитрий Шомко, Урош Радакович, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков – Юрий Перцух (Юрий Логвиненко 46), Макс Эбонг, Рунар Мар Сигурьонссон – Тигран Барсегян (Дорин Ротариу 63), Марин Томасов (Дидар Жалмұқан 76), Пиерос Сотириу;
Резерв: Дмитрий Непогодов (В), Станислав Павлов (В) – Лука Шимунович – Мади Жақыпбаев, Сұлтан Сағынаев – Алексей Щеткин, Станислав Басманов, Рамазан Кәрімов;
Төреші: Артём Кучин
Ермұхамед Мәулен