"Қайратқа" қарсы ойын В санатындағы баға категориясына жатады. Билеттердің құны шамамен 30–50 мың теңге аралығында. Билеттерге алдын ала тапсырыс 21 қарашадан бастап қолжетімді болады.
"Арсенал" — "Қайрат" матчы Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші, қорытынды тур аясында 2026 жылдың 29 қаңтарында "Эмирейтс" стадионында өтеді.
Қазіргі таңда "Арсенал" турнирлік кестеде 12 ұпаймен екінші орында келеді және мюнхендік "Бавариядан" тек соғылған және жіберілген доптар айырмасымен ғана қалып отыр.
Ал "Қайрат" 36 команданың ішінде 1 ұпаймен 34-орында тұр.