28 қаңтар күні Лондон қаласындағы әйгілі Emirates Stadium стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында тарихи матч өтеді.
Жергілікті уақытпен сағат 20:00-де (29-қаңтар, Алматы уақытымен 01:00) Алматының "Қайрат" клубы Англия Премьер-лигасының көшбасшысы — "Арсеналмен" кездеседі.
Айта кетейік, қонақ секторындағы билеттер қысқа уақыт ішінде толықтай сатылып кетті.
Белгілі болғандай, Лондондағы "Эмирейтс" стадионында қазақстандық жанкүйерлерге бөлінген барлық орындар сатылым басталғаннан кейін 60 минутқа жетпей сатылған.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетіп жатқан "Қайрат" плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Команда алты матчтың бесеуінде жеңіліс тапқан. Алда алматылықтарды тағы екі ойын күтіп тұр.