"Қайрат" "Астананы" ойсырата жеңіп, турнирлік кестеде көш бастады

376

Матч тағдыры 1-таймда-ақ шешілді. 

"Қайрат" "Астананы" ойсырата жеңіп, турнирлік кестеде көш бастады Фото: "Қайрат" ФК

Қазақстан Премьер-Лигасының 4-туры аясында алматылық "Қайрат" өз алаңында елордалық "Астананы" 4:0 есебімен тас-талқан етті. 

Алаң иелері ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қарқынды өнер көрсетті. Есеп 10-минутта ашылды. Эдмилсон жасаған қауіпті пастан кейін Жоржиньо дәл соққымен көзге түсті. Араға 12 минут салып "Қайрат" есепті еселеді. Бұл жолғы голдың авторы алматылықтардың жұлдызды ойыншысы - Дастан Сәтпаев. 

Бірінші таймның ортасына қарай алматылықтар ірі есепке қол жеткізді. 33-минутта Сәтпаев нәтижелі пас беріп, Жоржиньоны қақпашымен жеке-дара шығарып, португалиялық ойыншы дубль жасады. Ал бірінші таймға қосылған уақытта команда капитаны Александр Мартынович есепті 4:0-ге жеткізді.

Екінші таймда "Қайрат" ойын тізгінін толық бақылауда ұстап, қарсыласқа гол соғуға мүмкіндік берген жоқ. 

Нәтижесінде осы жеңістен кейін "Қайрат" 10 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу