Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында елордалық "Астананы" 1:0 есебімен жеңді. "Астана" ойыншылары алғашқы таймда ойын тәртібін жиі бұзумен есте қалды. Төреші ысқырық шалғанша Эбонг, Барсегян және Томасовтар ескерту алды. Алматылық жігіттер Айымбетовтың соққан голының арқасында алға шықты. Тіпті ойын соңына дейін бұл есеп өзгерген жоқ.
Айта кетелік, "Қайрат" осы ойыннан кейін, 41 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы алда кетті. Ал бір ойыны кем "Астана" 27 ұпаймен екінші орында тұр.
Сонымен қатар бүгін шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың 16-турында қостанайлық "Тобылдан" оңбай ұтылды. Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 0:3 есебімен аяқталды. Матчтағы алғашқы голды 48-минутта Валиуллин Себайдың пасынан кейін соқты. Араға сегіз минут салып "Тобыл" есепті еселеді. Серікжан Мұжықовтың соққысын қайтарам деген Дмитренко өз қақпасына гол соғып алды. 64-минутта қақпашымен жеке-дара шыққан Сенин Себай командасының үшінші голын соқты.
Бұл ойыннан кейін екі команда да турнирлік кестедегі өз орындарын сақтап қалды. "Ордабасы" 27 ұпаймен үшінші орында, "Тобыл" 26 ұпаймен төртінші орында тұр.
16-тур аясында кездесулердің бірі бүгін "Қайсар" мен "Каспий" арасында өтіп, қызылордалық команда ақтаулықтардан жеңіліп қалды. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 77-минутта Габышев соқты. Оның айып алаңының ішінен жасаған соққысын Заруцкий ұстай алмады.
Осы жеңістен кейін "Каспий" 10 ұпаймен оныншы орынға көтерілді. 20 ұпайы бар "Қайсар" бесінші орынын сақтап қалды.
Ермұхамед Мәулен