"Қайрат" әзербайжандық клубтан ойсырай ұтылды

406

Бұл матчта алматылық клуб академиясының бірнеше тәрбиеленушісі алаңға шықты. 

"Қайрат" әзербайжандық клубтан ойсырай ұтылды

"Қайрат" Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Баку қаласының "Нефтчи" командасымен жолдастық матч өткізді. Жиын 15 қаңтарға дейін жалғасады. Алматылық клуб бұл ойында 0:3 есебімен жеңілді.

Барлық голдар екінші таймда соғылды. 67-минутта Агададаш Селянски есеп ашса, 89-минутта Венсан Абубакар, ал 90+2-минутта Мурад Маммадов мергендік танытты. Алғашқы таймда таблода нөлдік есеп сақталып, қақпашы Темірлан Анарбеков гол жіберген жоқ.

Үш голдың барлығы алаңға Шерхан Қалмырза шыққаннан кейін соғылды. Ойынның соңында "Қайрат" қатарында, соның ішінде қорғаныста ресми матчтарда әлі өнер көрсетпеген академияның бірнеше жас тәрбиеленушісі алаңда болды.

Айта кетейік, "Нефтчи" Әзербайжан чемпионатының қазіргі маусымында 7-орында келеді. "Қайрат" оқу-жаттығу жиынындағы екінші жолдастық матчын 14 қаңтарда хорватиялық "Вараждин" клубына қарсы өткізеді. 

20 қаңтарда алматылықтар Астанада Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Бельгияның "Брюгге" командасына қарсы матч өткізсе, 28 қаңтарда турнирді Лондондағы "Арсеналға" қарсы қонақтағы ойынмен аяқтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу