"Қайрат" футбол клубы Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Өзбекстанның "Пахтакор" командасына қарсы кездесу өткізді.
Қазақстандық ұжымның негізгі құрамында алаңға Темірлан Анарбеков, Лукас Африко, Александр Мартынович, Александр Широбоков, Александр Мринский, Яакко Оксанен, Әділет Садықбеков, Жоржиньо, Хосе Себальос және Эдмилсон шықты.
Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Есепті "Қайрат" ашты. Александр Широбоков оң қапталдағы жеке шеберлігін паш етіп, шабуылды дәл әрі қуатты соққымен түйіндеді. Екінші таймда өзбекстандық клуб есепті теңестірді. 50-минутта Башар Ресан берген пастан кейін баспен гол соқты.
"Қайрат" келесі матчын 13 ақпанда Ресейдің "Оренбург" клубына қарсы өткізеді.