Қайрат Боранбаев бар шындықты жариялады

12027

Баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында Қайрат Боранбаев футбол төңірегінде айналып жатқан қаржылар жайлы ақпарат айтты.

Қайрат Боранбаев бар шындықты жариялады

"Қайрат" футбол клубының басқарма төрағасы әрі бақылау комитетінің басшысы Қайрат Боранбаев клуб академиясының қалай құрылғанына тоқталды.

"Ең алдымен біз бизнестен келіп, футболды қалай жандандырамыз деген мәселеге тоқталдық. Футбол өте күрделі сала екенін бірден байқадық. Алдымен ресейлік әріптестердің тәжірибесіне көз жүгірттік. Қайта, менің осы салада қызмет етіп жүрген таныстарым көп болғанының арқасында мен біршама тұлғалардан кеңес алдым. Сондықтан болар ең алдымен инфроқұрылым мәселесін шешуге тырыстым. Клубты өз қолыма алғаннан кейін бірден база, академия, футбол мектептері үшін барлық жағдайды жасадым. Ірі құрылыс жұмыстарын жүргізіп, қирап қалған инфрақұрылымды ретке келтірдім", - дейді Қайрат Советайұлы.

Әлбетте, футбол клубын басқару әрі оның жұмысын одан әрі жақсылап жүргізу оңайға тимеген. Десе де, "Қайрат" клубына бөлінген қаржы түбі өз-өзін ақтауы тиіс. Алматылық клуб әзірге ештеңе де жеңе қойған жоқ. Қазақстан чемпионы атанып, чемпиондар лигасына жолдама алу ұлы мақсаты әзірге орындалмай келеді. Бизнесменнің салып жатқан инвестициясы алдағы  жыл көліменде нәтижесін беруі тиіс.

"Мен футбол клубын ала салып бірден қомақты қаржы салдым. Сол кездегі қала әкімі Ахметжан Есімов біздің ішкі шаруамызға еш араласпады. Мен соған дән ризамын. Клубты жеке өзім қолыма алдым. Өзім басқарып келе жатырмын. "Қайрат" - бұл халықтың командасы. Мен осы жобаны қолға алғаныма еш өкінбеймін. Әлі де талай шаруа атқаратынымыз белгілі. Қазақтың бір командасы Еуропа төрінде жарқырап өнер көрсетсе сол да біздің мақсатымыздың орындалғаны болар еді", - деп мәлімдеді "Қайрат" футбол клубының басқарма төрағасы.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу