Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімінің күші жойылды

1473

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімінің күші жойылды Фото: Informburo

Бұған Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжаттың түпнұсқасының болмауы себеп болған. 

Сот Қайрат Боранбаевқа, Роман Нахановқа және Тайыр Жанұзаққа қатысты 2023 жылы 31 наурызда шыққан сот үкімнің күшін жойды. 

Бағадағы айырма газ бағасын көтеру түріндегі қылмыс ретінде қарастырылған. Сот хаттамасында алаяқтық схемасын дәлелдейтін дәлелдер жоқ делінген.

Мұндай жағдайларда сот үкімінің күші жоюға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу