"Қайрат" – "Брюгге" матчына билеттер сатылымы басталды

383

Билеттер тек мобильді қосымшалар арқылы сатылады.    

"Қайрат" – "Брюгге" матчына билеттер сатылымы басталды Фото: egemen.kz

Билеттердің құны 15 мың теңгеден басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар билеттерді сатып алу кезінде ЖСН (ИИН), ұялы телефон нөмірін және электрондық пошта мекенжайын көрсету қажет:

  • Бір пайдаланушыға 2 билеттен артық сатылмайды.
  • Төлемді тек бір банктік картамен жасауға болады.

Билеттер электрондық поштаға QR-код түрінде жіберіледі, сонымен қатар матч болатын күні SMS-хабарлама келеді.

Билеттерді тек ресми Freedom SuperApp және Qairat SuperApp қосымшалары арқылы сатып алуға болады.

"Қайрат" футбол командасының Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынына билеттерді сатуда жанкүйерлер алаяқтарға алданбас үшін қауіпсіздік барынша күшейтіліп отыр.

Айта кетейік, алматылық клуб 20 қаңтар күні "Астана Арена" стадионында бельгиялық "Брюгге" командасын қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу