Кездесу турнирдің 7-туры аясында өтті. Бірінші таймда ойын толықтай қонақтардың басымдығымен өрбіді. Олар алаң иелерінің қақпасына 2 гол соқты. Есеп 32-минутта ашылды. Александар Станкович Темірлан Анарбеков қақпадан шығып, допты сәтсіз қайтарған сәтте бірінші болып допқа жетіп, бос қақпаға дәл соққы жасады.
6 минуттан кейін қонақтар басымдықты арттыра түсті. 38-минутта Ханс Ванакен жақын қашықтықтан соққы жасап, алматылықтардың қақпашысына еш мүмкіндік қалдырмады.
74-минутта Ромео Верман есепті еселей түсті. Ал 10 минуттан соң Брэндон Мехеле бельгиялықтардың пайдасына есепті 4:0-ге жеткізді.
Екінші таймның соңында алматылықтар жұбаныш голын соқты. 90+2-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Әділет Садыбеков допты қағып алып, айып алаңының сызығынан дәл соққы жасап, есепті 1:4 етті.
Бұл Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылықтардың өз алаңында соққан алғашқы голы болды.
Соңғы, 8-турда алматылық команда қонақта Лондонның "Арсеналымен" кездеседі. Ойын 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні өтеді.