94 (+4) минутқа созылған ойын тең нәтижемен аяқталды.
Ойынның 3-минутында "Пафос" сапындағы футболшы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Алайда "Қайрат" сан басымдығын голға айналдыра алмады.
32-минутта қақпашы Темірлан Анарбек "Пафос" шабуылшысымен бетпе-бет шығып, қақпасын сенімді қорғап қалды.
71-минутта кипрлік команда гол соққанымен, ол офсайд болғандықтан есепке алынбады.
Осылайша, толық құраммен ойнаған "Қайрат" 10 ойыншымен қалған "Пафосты" жеңе алмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу