"Қайрат" чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

1171

"Қайрат" өз тарихында алғаш рет "Барселонадан" жеңілді.

"Қайрат" чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар Лигасының жартылай финалында испаниялық "Барселонадан" жеңілді. Хорватиядағы Задар қаласында өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. "Қайрат" сапында Диего Фаверо (25') пен Фернандиньо (36') гол соқса, каталондық клубтың ойыншысы Феррао хет-трик жасады (16', 21' және 33').

Бұған дейін "Қайрат" пен "Барселона" үш рет кездесіп, қазақстандық клуб барлық ойындарда жеңіске жеткен болатын (2013 және 2019 жартылай финалында және 2015 жылы финалда).

Финалда "Барселона" "Спортингпен" ойнайды. Португалиялық клубта Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан өнер көрсетеді. Оның командасы жартылай финалда испаниялық "Интерді" 5:2 есебімен жеңді. Финал 3 мамырдан 4 мамырға қараған түні өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.

Ал "Қайрат" 8-9 мамырда, 13-14 мамырда (қажет болған жағдайда) "Атырауға" қарсы үш жеңіске дейін өтетін ұлттық чемпионаттың соңғы кезеңіне дайындалу үшін "Қайрат" Қазақстанға оралады. Кездесу Алматыда басталып, Атырауда жалғасын табады. Егер осы матчтардан кейін серияда тең ойын болса, шешуші кездесу 17-мамырда өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу