"Қайрат" Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды

277

Алматылық команда Чемпиондар Лигасы аясында кем дегенде тағы алты матч өткізеді. 

"Қайрат" Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды

Ел чемпионы "Қайрат" Словенияның "Олимпия" клубын 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Матч тағдыры алғашқы таймда-ақ шешіліп қойды. Кездесудің 5-минутында Жоржиньо Луиш Матаның сол қанаттан асырған дәл пасына бірінші жетіп, баспен тура соққы жасап, қақпаның оң бұрышын дәл көздеді.

31-минутта португалиялық шабуылшы бұл жолы нәтижелі пас шығарды. Ол Александр Мрынскийді қақпашымен бетпе-бет шығарып, жас қорғаушы сабырмен соққы жасап, есепті 2:0-ге жеткізді.

Ойынның екінші бөлігінде Рафаэль Уразбахтин шәкірттері қорғанысқа көңіл бөліп, басымдықты сақтауға тырысты. Допты жиірек бақылағанымен (56% қарсы 44%), "Олимпия" нақты қауіп төндіре алмады.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ойын 8 шілдеде Люблянада өтіп, 1:1 есебімен аяқталған болатын. Екі матчтың қорытындысы бойынша – 3:1 есебімен келесі кезеңге жолдама "Қайраттың" еншісінде.

Енді Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде "Милсами" (Молдова) мен КуПС (Финляндия) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу