"Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

283

Енді олар үшінші іріктеу кезеңінде "Левски" (Болгария) – "Университатя" Крайова (Румыния) жұбының жеңімпазымен ойнайды. 

"Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты Фото: Фк "Қайрат"

Қазақстандық "Қайрат" (Алматы) футболдан UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Кипрдің "Омония" (Никосия) клубымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ойын барысында алматылық команда алғашқы минуттан белсенді қимыл көрсетуге тырысты. Олардың қатарынан 37-минутта Эдмилсон мергендік танытты. 

Бірінші ойында алматылық клуб қарсыласына 0:1 еесбімен есе жіберген еді. Нәтижесінде екі ойынның нәтижесімен есеп теңесті.

Тоқсан минутта жеңімпаз анықталған жоқ. Кездесу қосымша кезеңге ұласты. Қос команда овертаймда да бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Осылайша жеңімпазды анықтау пенальти сериясы арқылы анықталатын болды. Бұл жолы қазақстандық команда 7:5 есебімен қапы қалдырып, үшінші кезеңге жолдама алды. 

Айта кетсек, алматылық клуб бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның "Сутьеска" клубын (2:1, 2:0) қапы қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу