Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының ақтық сериясының екінші матчында алматылық "Қайрат" "Атырауды" жеңді. Кездесу Нур-Сұлтанда өтіп, 4:3 есебімен, Каканың шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Алматылық ойыншылар бірінші таймның өзінде-ақ үш доп басымдығымен алға шықты.
"Қайрат" сапынан Фернандиньо, Оразов, Гадейя және Тұрсағұлов сол соқса, ал атыраулықтардан Тоқаев, Келсон және Эрик Данило көзге түсті.
Айта кетейік, дәл осы матч алдында "Атырау" футзал клубы бас бапкерсіз қалған болатын. Себебі бразилиялық маман Биро Жадемен жасалған келісімшарт мерзімі аяқталды. Қазіргі таңда Жақсылық Байсариев бас бапкердің міндетін атқаруда.
Осылайша, "Қайрат" үш жеңіске дейінгі сериядағы матчта 2-0 есебімен алға шықты. Алғашқы ойында алматылық клуб "Атырауды" 9:2 есебімен ойсырата жеңген болатын. Енді үшінші матч 14-мамырда өтеді және алда өтетін текетірестің нәтижесіне қарамастан 2020-жылы ғана құрылған "Атырау" футзалдан 2021/22 жылғы Чемпиондар лигасына қатысатын болады.
Ермұхамед Мәулен