banner

"Қайрат" чемпиондыққа таласа ма?

2315

Алматылық команданың жағдайы қазір тіпті түсініксіз. Команда биыл тағы да күмісті қанағат ете ме?

"Қайрат" чемпиондыққа таласа ма?

"Қайрат" әдеттегідей алғашқы жиынын Алматы қаласында бастайды.Ойыншылар демалыстан оралғандықтан, мұндағы жаттығулар аса қатты ауыр емес. Одан кейін алғашқы оқу-жаттығу жиыны Түркияда өтеді. Онда команда бірнеше жолдастық матч өткізеді.  

"Біз Түркияда екі жиын өткіземіз. Алғашқысы қаңтар айында болса, екіншісі ақпан айында. Биыл жолдастық кездесулерге еурокубоктерде ойнап жүрген мықты қарсыластарды таңдадық. Ол командалардың ойын мәнерлері әртүрлі. Сондықтан да ойындар өте қызықты өтеді деп ойлаймын. Сосын барлығы аяқталған соң, Алматыдағы осы кешенде біріншілікке дайындығымызды пысықтайтын боламыз", –дейді бас бапкердің көмекшісі Кирил Кекер. 

Жолдастық кездесулерде "Қайратқа" қарсы ойнайтын клубтардың есімдері белгілі. Олар мәскеудің "Динамосы", "Зенит", болгарияның "Лудогореці", сонымен қатар Қазан қаласының "Рубині". Үздіктерге қарсы ойнасаң, алға жылжу болады дейді бапкерлер. Бас бапкердің көмекшісі клубтың трансфердегі саясаты жайлы да сөз қозғады.

"Алып қашпа әңгімелерге байланысты ештеңе демеймін. Командада қазір бір ғана жаңа ойыншы. Ол – Камо Огонесян. Оның біздің командаға келгеніне қуаныштымыз. Өткен жылы "Жетісу" сапында жүріп көзге түсті. Ал биылдан бастап Оганесян Қазақстанда легионер болып саналмайды. Командаға тез бой үйренісіп кетеді деген ойдамыз. Қорғаушы ретінде оның қасиеттері бізге мәлім. Сосын қазір байқауда жүрген бірнеше ойыншы бар. Егер олармен келісімге келіп жатсақ, бірден естисіздер", – дейді Алексей Шпилевскийдің орынбасары. 

Алматылықтарды жаңа маусымда өте қарқынды әрі қызықты маусым күтіп тұр. Команданың негізгі ойыншылары кеткенімен, бас бапкер Алексей Шпилевский ойынның деңгейі түспейді депті. Сондықтан да, биылғы "Қайрат" біріншіліктегі жұмбақ команданың біріне айналғалы тұр. Тек айта кетуіміз керек, "халықтық команда" атанып кеткен бұл ұжым күні кеше ғана Польша құрамасының ойыншысы Яцек Гуральскиймен келісімге келді. Бұл футболшы "Қайратты" күшейтері анық. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу