"Қайрат" "Даугавпилс" футбол клубын сотқа берді

2209

"Қайрат" футбол клубы Рамазан Оразовпен келісім-шарт жасаған "Даугавпилс" клубын сотқа берді. Осы талапқа сәйкес аталған клуб ойыншыны дайындағаны үшін өтемақы төлеуі керек. FIFA бұл сот ісіне қатысты шешім шығарды.

"Қайрат" "Даугавпилс" футбол клубын сотқа берді

Биылғы жылдың наурыз айында ФК "Кайраттың" жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов өзінің клубпен келісім-шарты бар екеніне қарамастан латвиялық "Даугавпилспен" келісім-шарт жасаған. 22 жасар Оразов "Даугавпилске" бос агент ретінде ауысқан. Бұл мәселеге қатысты "Қайраттың" заңгерлері жартылай қорғаушының алматылық клубпен арада Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында және ФИФА-ның нормаларына сәйкес еңбек шарты бар екенін айтқан. Бұған қарамастан Латвияның Жоғарғы Лигасының ресми сайтында "көктем-күз" жүйесінде өтетін маусымда "Даугавпилс" командасының сапында ойнайтынын мәлімдеді. Осыған байланысты "Қайрат" футбол клубы бұл мәселенің заң аясында шешілуін күтті. Нәтижесінде ФИФА тарапынан шешім шығарылды. Енді "Даугавпилс" ойыншыны дайындағаны үшін "Қайратқа" өтемақы төлеуі тиіс.

Латвиялық клубтың "Қайратқа" өтемақы төлеуге бір ай уақыты бар. Әйтпесе, іс ФИФА-ның тәртіптік комитетіне жіберіледі. Ол "Даугавпилс" үшін ауыр санкция болуы мүмкін.

"Бізде ФИФА-ның рұқсаты бар. Онсыз футболшының біздің командаға ауысқаны FIFA TMS жүйесінде тіркелмес еді", - деді латвиялық клубтың бас директоры Наурис Мацкевич. Осылайша екі тарап та ФИФА-ның көмегіне жүгінуде.

Естеріңізге сала кетсек, Рамазан Оразов "Қайрат" академиясының түлегі және клуб жүйесінде 2012 жылдан бері бар. Ол барлық дайындық кезеңдерінен өтіп, 2019 жылғы маусымда негізгі құрамның ойыншысы атанған. Оразов "Қайрат" сапында жиырмадан астам кездесу өткізіп, іріктеу турнирінде дебют жасаған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу