Былтыр төртінші және бесінші орын алған командалар биыл сол жетістігін жақсартуға күш салады. Сондықтан жанкүйерлер бүгінгі кездесуден тартысты ойын күтті.
Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минуттан гол соғу мүмкіндігін арттыра түсті. Нәтижесінде, 41-минутта Жоао Паоло мергендігімен көзге түсті.
Ал "Қызылжар" футболшысы Тимур Мульдинов 62-минутта таразы басын теңестірсе, алматылық клубтан Гиорги Зариа 71-минутта қайтадан "Қайрат" алға шығарды.
Ойында алматылық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу