Алматы қаласында 16 ақпан күні сағат 16:00-де "Қайрат" ФК командаларының презентациясы өтеді.
Презентация барысында Клуб тарихында бірінші рет Премьер-лиганың кәсіпқой әйелдер командасының, сондай-ақ ерлер командасының таныстырылымы болады.
Клуб жанкүйерлер алдында команданың маусымға қойған жоспарларымен бөліседі. Бұдан бөлек алматылық ұжым биыл жаңа жейдеде доп тебетін болады. Аталмыш шарада команданың формасы таныстырылады.
"Қайрат" әйелдер командасының ойыншылары – "Қайрат" футбол академиясының түлектері. Былтыр олар тамаша нәтиже көрсетіп, өз жас санатында ҚР чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды!
Футболшылар бас бапкер Мария Ялованың жетекшілігімен 13-25 қаңтар аралығында Т.С.Сегізбаева атындағы академияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп үлгерді.
"Қайрат" әйелдер командасының құрамы:
Қақпашылар: Алина Тихонова, Аяяна Тоқтарова, Арина Орел, Наргиза Берекет.
Қорғаушылар: Дарья Толкачева, Виктория Цыганова, Лиана Кадышева, Аружан Тұяқбай, Тоқжан Бепенбет, Анеля Мейманбай, Милана Егиазарян, Сабрина Нұржігітова.
Жартылай қорғаушылар: Эльмира Абдулаева, Вероника Пересунько, Айым Әмренова, Анель Досболова, Милана Махмудова, Аяжан Қожабекова, Жанель Таласбаева,
Шабуылшылар: Томирис Рахатжан, Сәния Акчулакова, Софья Трачук, Ольга Егорова, Анель Мақсат, Назым Алданазар, Полина Тучина.
Айта кетейік, "Қайрат" ФК Қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Боранбаев бірінші кәсіби маусым команда үшін күрделі сынақ болатынын, бірақ, соған қарамастан ол футболшылардың алдына үлкен мақсат – чемпиондық үшін күрес тұрғанын бұған дейін айтқан болатын.