“Қайрат” финляндиялық командадан жеңіліс тапты

214

Алматылық ұжым өз алаңында өтетін қарымта матчта есе қайтаруға тырысады. 

 “Қайрат” финляндиялық командадан жеңіліс тапты

Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында Финляндияда өткен матчта “КуПС” командасына есе жіберді. Куопио қаласында өткен кездесу финляндиялықтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды.

49-минутта шабуылшы Мохамед Туре айып алаңы сызығынан қақпашы Александр Заруцкий қорғаған қақпаның жоғарғы бұрышына дәл соққы жасап, есеп ашты. 71-минутта Яакко Оксанен де айып алаңы сыртынан дәл соққы жасап, допты қақпаның “тоғыздығына” бағыттады.

Айта кетерлігі, бірінші таймда беларусьтік жартылай қорғаушы Валерий Громыко финдердің қақпасына гол соққан болатын, алайда испаниялық төреші Алехандро Муньис Руис офсайд тіркеп, голды есепке алмады.

Қарымта матч 29 шілде күні Алматыда өтеді. Ойын кешкі сағат 20:00-де басталады.

Бұл жұптың жеңімпазы үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның "Слован" немесе Босния және Герцеговинаның "Зриньски" клубының біреуімен кездеседі. Сонымен қатар, ол команда Еуропалық маусымға жолдама алып, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне және Конференциялар лигасының топтық кезеңіне қатысу құқығын иеленеді.

Ал жеңілген команда Еуропа лигасының үшінші кезеңіне өтеді және кем дегенде Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінде ойнау мүмкіндігін сақтап қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу