Алматылық команданың келесі қарсыласы Финляндияның КуПС клубы. Фин командасы екі ойын қорытындысы бойынша Молдованың "Милсами" клубын 1:0 есебімен жеңді. Алғашқы матчта КуПС өз алаңында жеңіске жетсе, қарымта кездесу голсыз тең аяқталды.
"Қайрат" КуПС-пен 22 және 29 шілде күндері ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, алматылықтар Чемпиондар лигасындағы жолын словениялық "Олимпияны" сенсациялық түрде жарыстан шығарып (қос матчтың есебі – 3:1), сәтті бастаған еді.
Жаңа еурокубок маусымында Қазақстан намысын сондай-ақ келесі командалар қорғайды:
- "Ақтөбе" (Еуропа лигасы),
- "Ордабасы" (Конференциялар лигасы),
- "Астана" (Конференциялар лигасы)
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                                                    