"Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

383

Команданың баспасөз қызметі келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша бұзылғанын хабарлады.

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті Фото: Қайрат ФК

Ресейлік маман Александр Кержаков "Қайрат" командасы бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Команданың баспасөз қызметі келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша бұзылғанын хабарлады. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді.

Александр Кержаков "Қайрат" командасына мамыр айының соңында келген. Оның жетекшілігімен команда 12 матчқа қатысты: 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсті, 3 рет қарсыласына есе жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу