Ойынның бірінші кезеңі тартысты өрбіді. Командалар бірден шабуылға көшті. Десе де бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Алматылық клубтан Алиссон 16-минутта мергендік танытса, 39-минутта испаниялық клуб таразы басын теңестірді. Бірінші кезеңде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Екінші кезеңде "Картахена" басымдықты арттыра түсті. Гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Оған алматылық клуб ойыншылары лайықты қарсылық көрсетті.
Ойынның 37-минутта Алиссон тағы бір голды өзінің еншісіне жазса, Деннис 39-минутта басымдықты арттырды. Ал 40-минутта "Қайрат" қақпасына белгіленген пенальтиден испаниялықтар мүлт кеткен жоқ.
Осылайша, алматылық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Финал 4 мамыр күні өткізіледі.