"Қайрат" қалған матчтарын Алматыда өткізбейтін болды

Клуб басшылығы Чемпиондар лигасындағы кезекті кездесулерін жабық стадионда өткізу туралы өтінішті UEFA-ға жолдаған еді.  

"Қайрат" қалған матчтарын Алматыда өткізбейтін болды Фото: Алматы әкімдігі

Әлемдік ұйым өтінішті мақұлдаған, сол себепті енді "Қайрат" футбол клубы "Астана Аренада" доп тебеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, 9 желтоқсандағы "Олимпиакоспен" өтетін кездесу және 20 қаңтарға жоспарланған "Брюгге" клубына қарсы өтетін матчтар еліміздегі ең көп сыйымдылығы бар стадионда өтпек.

Еске салайық, Алматыдағы Орталық стадионда қыс мезгілінде ойын өткізу футболшылар мен жанкүйерлердің денсаулығына зиянын тигізеді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде сан мәрте жазылды. Оның негізгі себебі, стадионның төбесі ашық.

Шатырдың болмауы және қар мен жаңбырдың жаууы, жалпы алғанда күн райының қолайсыздығы көрермендерге, бәрінен бұрын ойыншыларға кері әсер береді.

Осыған дейін "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы билет бағалары да ашық сыналды. Клубтың ресми хабарламасына сай, енді билеттердің бағасы 15 000-50 000 теңге аралығында сатылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу