"Қайрат" Чемпиондар лигасына шыққаны үшін шамамен 12,4 млрд теңге табыс тапты

356

Алматылык клуб пен шотландиялық клубтың табысын санап көрелік. 

"Қайрат" Чемпиондар лигасына шыққаны үшін шамамен 12,4 млрд теңге табыс тапты Фото: f.c.kairat

"Қайрат" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін кемінде 20,18 миллион еуро (теңгеге шаққанда шамамен 12,4 млрд) табыс тапты.

Бұл сома бірнеше бөліктен құралады. Ең алдымен, клуб топтық кезеңге жолдама алғаны үшін 18,62 миллион еуро көлемінде сыйақы алады.

Бұған қоса, телехабар тарату келісімшарты бойынша тағы 1,28 миллион еуро төленеді. Алайда Қазақстанда телехабар тарату аса дамымағандықтан және "Қайраттың" клубтық рейтингі (36-орын) төмен болғандықтан, бұл сома басқа елдердің клубтарымен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Сонымен қатар, алматылықтар топтық кезеңдегі ең минималды нәтиже үшін 0,28 миллион еуро көлемінде қосымша бонусқа ие болады.

Ал шотландиялық "Селтик" Еуропа лигасында ең аз дегенде 8,6 миллион еуро табады. Оның 4,31 миллионы осы кезеңге шыққаны үшін берілсе, қалған 4,29 миллионы Чемпиондар лигасынан шығып қалған клубтарға өтемақы ретінде төленеді.

Осылайша, Темірлан Анарбековтің пенальти сериясындағы 3 сэйві "Қайратқа" шамамен 11 миллион еуродан астам пайда әкелді.

Айта кетейік, алматылық клуб бірінші себеттегі Реал Мадрид, Манчестер Сити, Мюнхен, Ливерпуль, ПСЖ, Интер, Челси, Боруссия Дортмунд, Барселона командаларының арасынан екі топ-клубпен кездесуі мүмкін. Дегенмен, алматылық ұжымнан ресми ақпарат күтеміз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу