"Қайрат" "Каспийді" жеңіп, "Астанадан" бес ұпай озды

1898

Бразилиялық футболшы нәтижелі пас шығарып, қорғаушы дубль жасады.

"Қайрат" "Каспийді" жеңіп, "Астанадан" бес ұпай озды

Қазақстан премьер-лига ойындары қайта жалғасқаннан кейін алматылық "Қайрат" пен ақтаулық "Каспий" кездесу өткізді.

4-тур ойындары бүгін, 18 тамыз құраманың Талғардағы базасында өтті. Кездесу 3:0 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды.

Ойынның тоғызыншы минутында "Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліп пенальтиді сәтті пайдаланып есеп ашса,  52-минутта қарсыластар  қақпасына екінші гол соғып, дубль авторы атанды. 20 жасар Нұралы Әліп Ақтау қаласының тумасы және "Каспий" командасының түлегі.

Кездесудің 81-минутында Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав Артур Шушеначевке нәтижелі пас шығарып, есеп 3:0-ге жетті. Вагнер Лав алаңға ойынның екінші таймында Абат Айымбетовтың орнына шыққан болатын.

12 ұпаймен "Қайрат" "Тобыл" мен "Астана" командаларынан бес ұпай озып, турнирлік кестеде көш бастады. Дегенмен, елордалық және қостанайлық командалар әлі екі кездесу өткізуі тиіс. Ал, "Каспий" осы маусымда төрт кездесуде де қарсыластарынан ұтылды.

Сонымен қатар бүгін Алматының Орталық стадионында "Ордабасы" командасы талдықорғандық "Жетісумен" кездесті. Ойын 3:2 есебімен аяқталып, шымкенттік клуб жеңіске жетті. Жеті ұпай жинаған "Ордабасы" турнирлік кестеде 3-орынға көтеріліп, "Астананы" қуып жетті. Ал талдықорғандық команда төрт ұпаймен 8-орында тұр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу