"Қайрат" клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков ұлттық құрамадан шақырту алды

1119

Ертең футболдан еліміздің ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастайды.  

"Қайрат" клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков ұлттық құрамадан шақырту алды Фото: threads/anarbekov_temirlan77

Қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде қақпашы жанкүйерлерімен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ұлттық құрама ойыншылары 4 қыркүйекте өз алаңымызда Уэльске, ал 7 қыркүйекте сыртта  Бельгия ұлттық құрамасына қарсы тартысқа түседі.

Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев келесі жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу аясындағы матчтарға шақырту алған футболшыларды Астанаға жинады.

Бас бапкер маңызды ойындарға кімдерді шақырды?

  • Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");
  • Қорғаушылар: Әлібек Қасым, ("Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (үшеуі де – "Ордабасы");
  • Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бақтиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (үшеуі де – "Елімай"), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – "Оқжетпес"), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс"), Бағдат Қайыров ("Ақтөбе"), Дамир Қасаболат ("Қайрат");
  • Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Дастан Сәтбаев ("Қайрат"), Иван Свиридов ("Елімай").

Уэльске қарсы матч 4 қыркүйекте "Астана Аренада" стадионында 19:00-де басталады.

Қазірдің өзінде ұлттық құраманың қақпасын кім қорғайды деген сауал қызу талқыланып жатыр. Оның өзіндік себебі бар. Алматының "Қайрат" футбол клубы сейсенбіден сәрсенбіге ауған түнде УЕФА Чемпиондар лиагасының топтық кезеңіне шықты. Шотландияның "Селтик" клубын пенальти сериясында жеңді. Осы тартыспен өткен матчта "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков үш бірдей пенальтиді қайтарып, шеберлігімен көзге түсті.

Ұлттық құраманың қақпашыларын баптайтын бапкерлері Анарбековке де сенім артып, алаңға негізгі құрамда шығарып қалуы да ғажап емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу