"Қайрат" Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

1622

Алматылық клуб топтық кезеңдегі қарсыластарын ертең білетін болады.

"Қайрат" Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

"Қайрат" Конференция лигасының плей-офф кезеңінің екінші ойынында Люксембургтің "Фола" командасын жеңді. Кездесу Алматыда өтті және 3: 1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның 13-минутында Артур Шушеначев қақпашымен жеке-дара шығып, өз мүмкіндігін голға айналдырды. 28-минутта Вагнер Лав қақпаның оң бұрышын дәл көздеп, есепті еселеді. Ал 36-минутта Артур Шушеначев командасының үшінші голын соқты. Бірақ, кездесудің 44-минутында Мустафич айып алаңның сыртынан тамаша соққы жасап, жұбаныш голын соқты.

Айта кетейік, Люксембургте өткен бірінші ойын 4:1 есебімен аяқталып, алматылық клуб жеңіске жеткен болатын. Осылайша, "Қайрат" 7: 2 есебімен жеңіске жетіп, тарихта алғаш рет еурокубоктің топтық кезеңінде ойнайды.

"Қайрат" - "Фола" 3:1

Голдар: Артур Шушеначев 12 (1:0), Вагнер Лав 28 (2:0), Артур Шушеначев 36 (3:0), Мирза Мустафич 43 (3:1)

"Қайрат": Стас Покатилов, Маки Баньяк, Раде Дугалич, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Камо Оганесян, Айбол Әбікен, Денис Поляков, Рикарду Алвеш, Артур Шушеначев, Вагнер Лав.

"Фола": Эммануэл Кабрал, Грисе, Жилсон Дельгадо, Клейн, Уасссьеро, Драгович, Мустафич, Бруну Мендеш, Диого Пиментел, Бутриф, Омосанья.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу