"Қайрат" көшбасшылығын нығайтты

285

Елордалық жанкүйерлер асыға күткен матч үлкен үміт пен трибуна толы қолдауға қарамастан, жергілікті "Жеңістің" кезекті сүрінуімен аяқталды. 

"Қайрат" көшбасшылығын нығайтты

Қазақстан Премьер-Лигасының 20-турының кейінге қалдырылған кездесуінде "Қайрат" тағы да өз деңгейін дәлелдеп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның алғашқы бөлігінде қонақтар допты көп бақылап, алаң иелерін қысымға алды. 26-минутта Константинос Венизелудің қолына тиген доп үшін төреші пенальти белгіледі. Оны грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зария мүлт кетпей орындап, есеп ашты. 36-минутта Жоржиньоның нәтижелі пасынан кейін Валерий Громыко есепті 0:2-ге жеткізді.
Айта кету керек, "Қайрат" осы маусымдағы тоғыз ойынның бесеуінде пенальти орындады. Барлығында да допқа Гиорги Зария келіп, соның төртеуін голға айналдырды.
Екінші таймның басында "Қайраттың" қорғаушысы Темірлан Анарбеков қарсыласын айып алаңынан тыс жерде шалып, тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бір ойыншысы артық болған "Жеңіс" шабуылға шығып, гол соғуға бірнеше мүмкіндік алды. Алайда тек 77-минутта ғана есепті қысқартты. Қонақтар сапындағы Дан Глейзердің қолына тиген доптан кейін тағайындалған пенальтиді испаниялық Мика голға айналдырды - 1:2.

Бұл жеңістен кейін "Қайрат" 23 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастады. Олар "Астанадан" бес ұпайға алда, бірақ елордалық клубтың бір ойыны кем. Ал, "Жеңіс" 5 ұпаймен 10-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу