"Қайрат" қылмай сен жүрсің...

2241

"Қайратым" деп мен жүрмін, қайрат қылмай сен жүрсің. Чемпиондар лигасында оңбай жеңілдік. 

"Қайрат" қылмай сен жүрсің...

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" Сербия чемпионы "Црвена" Звезда" командасына 5:0 есебімен жеңілді. Алғашқы матчта "Қайрат" 2:1 есебімен ұтып, жанкүйерлер көңіліне үміт сыйлаған еді. Бірақ, баққанымыз бақа болып шықты. Қақпамызға бақандай 5 гол енді. Бұл жағдайдан кейін "халықтық команданың" басшысы Боранбаев мырза бір шешім шығаратын шығар?!

Қырғызстан футбол мектебінің өкілі, Кирил Кекердің де, осыған дейін бапкер болған Алексей Шпилевскийдің де футболда ешқандай жетістікке жетпеген маман екенін білуші едік. Осы жолы тағы да бір мәрте көз жеткіздік. Қыруар қаржыны легионерлерге жұмсайтын клубтың жөні дұрыс бапкерге ақша таппағаны қалай? Әлбетте бірінші кезекте бапкер кінәлі. Футболда кез келген нәтижеге бапкер жауап береді. Дегенімен, осы матчтың алдында негізгі қақпашы Стас Покатилов коронавирус жұқтырыпты. Ол ресми түрде ақпарат көздеріне жария етілді. Ал Хосе Кантенің алаңға шықпағаны бізге сол күйі беймәлім. Небойша Косович пен Ғафұржан Сүйімбаевтардың алғашқы ойында жарақат алғанын жақсы білеміз. Бірақ, маңызды позиция – қақпаға "Қайрат" командасы әлсіз екенін көрсетті. Стас Поктиловтың орнына Даниил Устименко деген жас қақпашы шықты. Салынған 5 голдың екеуі қақпашы тосуға болатын мүмкіндіктер еді.

Клубтық деңгейде "Астана" "АЗ" Алкмаар командасынан 0:6 жеңілді. Сосын, "Селтиктің" де жауапсыз 5 гол салғанын білеміз. Сәл ертеректе елордалық "Жеңіс" 7:1 нәтижесімен "Русенборгқа" есе жіберді. Міне, осындай ірі жеңілістер қатарына "Қайратты" да қоссаңыздар болады. Енді алматылық клуб Еуропа лигасының үшінші іріктеу турына жолдама алады. Онда Армения елінің командасы "Алашкертпен" кездеседі. Егер одан жеңілсе онда Конференция лигасының плэй-офф сатысына түседі. Ол ойындар 5 және 12 тамыз күндері өтеді. Алғашқы ойын Алматы қаласында ойнатылып, жауапты ойын араға апта салып Армения елінде ұйымдастырылады.  

"Црвена Звезда" (Белград, Сербия) – "Қайрат" – 5:0 (6:2 – жалпы есеп)

Голдар: Александар Катай 9, 42, Лоис Дьони 21, Мирко Иванич 49, Филиппо Фалько 56

Ескертулер: Марко Гобелич 50, Марко Лазетич 90+4 – Камо Оганесян 82, Нуралы Алип 90+4

"Црвена Звезда": Милан Борян (В) (К) – Милан Родич, Александар Драгович, Радован Панков, Марко Гобелич (Милан Гаич 58) – Секу Саного, Гелор Канга (Ненад Крстичич 79), Филиппо Фалько (Эль-Фарду Бен-Набуан 67) – Александар Катай (Марко Лазетич 79), Мирко Иванич, Лоис Дьони (Никола Крстович 67);

Қосалқы құрам: Зоран Попович (Қ) – Срджан Бабич, Милош Дегенек, Аксель Бакайоко – Славолюб Срнич, Ньегош Петрович – Милан Павков;

Бас бапкер: Деян Станкович.

"Қайрат": Данил Устименко (В) – Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Раде Дугалич (Александр Широбоков 76), Дино Миканович (Гүлжігіт Алықұлов 34) – Денис Поляков, Арсен Буранчиев (Андрей Ульшин 63), Айбол Әбікен – Вагнер Лав, Камо Оганесян, Артур Шушеначев (Рикарду Алвеш 63);

Қосалқы құрам: Темірлан Анарбеков (В) – Равиль Ибрагимов – Сағи Әнет –  Хосе Канте, Денис Митрофанов;

Бас бапкер: Кирилл Кекер.

Төрешілер: Андрис Трейманис, Харалдс Гудерманис, Алексей Спасенников, Александр Голубев (барлығы – Латвия)

29 шілде, 2021 – 00:30. Сербия, Белград, "Райко Митич"

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу