"Қайрат" – "Левски" матчы: полиция жанкүйерлерге үндеу жасады

144

Бүгін "Түркістан Арена" стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында "Қайрат" пен "Левски" командалары арасында футбол матчы өтеді.  

"Қайрат" – "Левски" матчы: полиция жанкүйерлерге үндеу жасады Фото: fckairat.com

Осыған байланысты полиция қалада адам көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицейлер тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

– Футбол матчын тамашалауға келген жанкүйерлерден өзара сыйластық танытып, арандатушылық әрекеттерге жол бермеуді, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауды сұраймыз, – дейді тәртіп сақшылады.

Айта кетейік, матч Алматыдағы Орталық стадионда емес, Түркістандағы 7 мың орындық аренада өтеді. Себебі, Алматыдағы стадионда 14 тамызда әнші Канье Уэсттің концерті жоспарланған. 

Алғашқы ойында "Қайрат" Софияда "Левскиге" қосымша уақытта 0:1 есебімен есе жіберді. Енді алматылық команда өз жанкүйерлерінің алдында есе қайтаруға тырысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу