"Қайрат" "Левскиден" соңғы минутта гол жіберіп, жеңіліп қалды

699

Енді келесі айналымның жолдамасы 11 тамызда Түркістан қаласында шешіледі.  

"Қайрат" "Левскиден" соңғы минутта гол жіберіп, жеңіліп қалды Фото: fckairat.com

Қазақстандық "Қайрат" (Алматы) футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде "Левски" (София, Болгария) командасымен алғашқы ойынын өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде болгариялық "Левски" клубымен кездескен "Қайрат" 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 90 минут бойы тең есепті ұстаған алматылықтар төреші қосқан қосымша минутта қақпасына гол жіберді.

Айта кету керек, матч алдында спорт сарапшылары "Левскидің" ірі есеппен жеңіске жететінін болжаған. Болгарияның 27 дүркін чемпионы келесі кезең жолдамасын өз алаңында шешеді деген пікір қызу талқыланды. 

Дегенмен, алматылық команда қорғанысын нықтап, 90 минут бойы алынбас қамалға айналды. Тек 90+2-ші минутта "Левски" жартылай қорғаушысы Сержинью айып алаңының сыртынан қақпаның оң бұрышын көздеген болатын. Доп жарты жолда "Қайрат" капитаны Мартыновичтің аяғына тиіп бағытын өзгертті де, голға айналды.

Енді келесі айналымның жолдамасы 11 тамызда Түркістанда шешіледі. Алматының Орталық стадионында концерт өтетін болғандықтан, "Қайрат" үйдегі ойынын "Тұран Аренада" өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу