"Қайрат" маңызды кездесу өткізеді

105

Бүгінгі жеңімпаз Еуропалық жарыстарда өз қатысуын кемінде күзгі кезеңге дейін жалғастыруға мүмкіндік алады.

"Қайрат" маңызды кездесу өткізеді

Бүгін, 22 шілде күні "Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Финляндияның КуПС командасына қарсы алғашқы ойынын өткізеді. 

Аталған матчтың нәтижесі тек келесі кезеңге жолдама алуға ғана емес, сонымен қатар Конференциялар лигасының топтық кезеңіне қатысу мүмкіндігіне тікелей әсер ететін болады. 

КуПС – "Қайрат" матчы тартысты өтеді деп күтілуде. Екі команда да бабында және соңғы ойындарда жеңіліп көрмеген. Фин командасы өз алаңында сенімді ойнап, тәртіпті қорғаныс пен стандартты жағдайларға арқа сүйейді. Ал "Қайрат" мықты қорғанысымен және шабуылда мүмкіндіктерді ұтымды пайдалануымен ерекшеленеді. Осылайша сарапшы мамандар қос команданың да мықты екенін, бұл ойынның айқын фавориті жоқ екенін атап өтуде. Ойын тағдыры енді алаңда шешіледі. 

Екі команда да бірінші іріктеу кезеңін сәтті өткергенін атап өткен жөн. КуПС Молдованың "Милсами" командасымен екі матчтың қорытындысы бойынша (1:0, 0:0) келесі кезеңге жолдама алса, "Қайрат" Словенияның "Олимпия" клубына қарсы сырт алаңдағы кездесуде 1:1 есебімен тең түсіп, Алматыда өткен қарымта ойында 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Күні кеше, Швейцарияның Ньон қаласында ұйымдастырылған УЕФА-ның ресми жеребесінің нәтижесіне сәйкес, "Қайрат" аталмыш кезеңнен өткен жағдайда үшінші іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговинаның "Зриньски" немесе Словакияның "Слован" командаларының бірімен кездеседі. Үшінші кезеңнің алғашқы ойындары 5 немесе 6 тамызда, ал қарымта матчтары 12 тамызда өткізіледі деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу