"Қайрат" Миланға жол тартты

270

Алматылық ұжым бүгін Чемпиондар лигасының 4-тур ойынын өткізу үшін Миланға жолға шықты. Матч  Джузеппе Меацца стадионында өтеді. 

"Қайрат" Миланға жол тартты

Қарашаның 5-нен 6-сына қараған түні "Қайрат" Чемпиондар лигасы аясында Миланда жергілікті "Интермен" кездеседі.

Футбол жанкүйерлерінің басым бөлігі италиялық "Интерді" жақсы біледі. Бүгінде ол Еуропа футболының басты грандтарының бірі саналады. 

Клуб тарихына көз жүгіртсек, "Интер" – Италияның 20 дүркін чемпионы, ел кубогын тоғыз рет және Чемпиондар лигасының кубогын үш рет иеленген. Өткен онжылдықта команда ұзаққа созылған дағдарысты бастан өткерді. Алайда 2020/21 маусымынан бастап команданың жағдайы айтарлықтай жақсарды.

"Интердің" ойыншылар құны жалпы есеппен 694 миллион еуро шамасында, ал қазақстандық команданың құны – 13 миллион еуро. 

"Интермен" өтетін матч – "Қайрат" үшін Еуропаның ең мықты әрі ең атақты клубтарының бірімен болатын ерекше кездесу. Миландықтар бапкер ауысқанымен, жоғары деңгейін сақтап, әлі де А сериясы мен Чемпиондар лигасының басты фавориттерінің қатарында қалып отыр.

Миландық ұжымның Чемпиондар лигасындағы жағдайы тамаша. Үш ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, голдар айырмасы 9:0. Егер "Қайратты" жеңсе, италиялықтар плей-оффқа тікелей жолдамамен қатар негізгі кезеңнің үздік сегіздігіне кіруге зор мүмкіндік алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу