Қайрат Нұрдәулетов "Ертіс" футбол клубынан кетті

284

Ел футболында күтпеген жаңалық: 42 жастағы маман Қайрат Нұрдәулетов Павлодардың "Ертіс" клубының бас бапкері қызметінен кетті. Келісімшарт тараптардың өзара келісімімен бұзылды. 

Қайрат Нұрдәулетов "Ертіс" футбол клубынан кетті

Нұрдәулетов 2025 жылғы маусым басында команда тізгінін қолға алып, "Ертіс" Бірінші лигада сәтті өнер көрсетті. Команда бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті. Алайда, маусымның қызған шағында оның кетуі жанкүйерлер мен сарапшылар арасында түрлі пікірлер туғызды.

БАҚ-та тараған кейбір ақпараттарға сәйкес, Нұрдәулетовтің кетуіне Тамерлан Агимановтың әкесімен болған келіспеушілік себеп болған. Агиманов жарақатынан кейін бірнеше матчты өткізіп, соңғы ойындардың бірінде негізгі құрамға енбей қалған. Бұл жағдай оның әкесінің наразылығын тудырған. Ол клубтың бейресми басшыларының бірі ретінде бапкерлік шешімдерге араласқан болуы мүмкін. 

Дегенмен, Нұрдәулетов бұл қауесеттерді жоққа шығарып, келісімшарттың бұзылуы өзара келісіммен болғанын мәлімдеді.

"Ертіс" клубының болашақтағы бағыты мен жаңа бас бапкердің тағайындалуы туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Команда маусымның қалған бөлігінде тұрақтылықты сақтау үшін жылдам арада шешім қабылдап, жаңа бапкердің есімін жақында естіп қаламыз деген ойдамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу