Жыл басында-ақ "Қайрат" жеңімпаз атанса, қанша сыйақы алатыны белгілі болған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар бұған дейін 3 рет (1992, 2004, 2020 жылдары) жеңіс тұғырына көтерілген еді.
Премьер-лига үздігі болуы үшін кеше "Қайрат" "Атыраумен" күш сынасты. Ойынның бірінші бөлігі тең аяқталғанымен, алматылық ұжым 59-минутта он бір метрлік айып соққысынан мүлт кетпеді. Төреші ысқырығы шалынғанша қарсыластар есепті теңестіре алмады. Осылайша, "Қайрат" футболдан 2024 жылғы ел чемпионы атанды.
Бұған дейін Алматы клубының басшылығы ҚПЛ-дағы чемпиондық атақ үшін бір миллионнан астам доллар беретінін уәде еткен-ді. Қайрат Боранбаев сол уәдесін орындаса, футболшылардың бір байып қалатыны сөзсіз .
Биыл ҚПЛ-де "Қайрат" чемпионаттың алтынын иеленсе, "Астана" екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті "Ақтөбе" футбол клубы қорытындылап отыр.