"Қайрат" өз түлегін қайта қатарға қосқысы келеді

161

Ғалымжан Кенжебекке алматылық клубпен қатар "Астана" да қызығушылық танытқан екен. 

"Қайрат" өз түлегін қайта қатарға қосқысы келеді Фото: kff.kz

Алматылық "Қайрат" өз ұясынан түлеп ұшқан ойыншыны қайта қатарға қосуға ниетті.

Клуб басшылығы "Қайрат" академиясының тәрбиеленушісі Ғалымжан Кенжебекті команда қатарына қосу жоспарын қолға алған. Нақты келіссөздер қысқы трансферлік кезеңде қарқын ала түспек.

Соңғы айларда алматылықтар шабуыл шебін күшейтудің түрлі нұсқаларын қарастырғанымен, ақыры өз түлегін қайта шақыру идеясын ең тиімді шешім деп тапқан секілді. 

Кенжебек жастығына қарамастан, жылдамдығы мен қырағылығымен көзге түскен ойыншы. Қазір "Қайраттың" дәл осындай форвардқа зәру екені жасырын емес.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында "Қайрат" клубы Кенжебекті құрамнан шығарған еді. Осыдан кейін Ғалымжан Кипрдің бірінші дивизионында ойнайтын "Акритас Хлоракас" клубымен келісімшартқа отырды, ал кейін Словакия чемпионатындағы "Кошице" командасына ауысты.

Қазір шабуылшы семейлік "Елімай" сапында өнер көрсетеді. Соңғы ойындарда Кенжебек ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының біріне айналды. "Лихтенштейнге" қарсы өткен кездесуде (4:0) 22 жастағы шабуылшы тамаша ойын көрсетіп, құрамадағы алғашқы екі голын соқты және Бахтиёр Зайнутдиновқа нәтижелі пас берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу