banner

"Қайрат" өзбекстандық футболшымен толықты

1950

Қазіргі таңда алматылық клуб Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

"Қайрат" өзбекстандық футболшымен толықты

Өзбекстандық футболшы Жасұр Жалолиддинов "Қайратқа" ауысты. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Жалолиддинов 2002 жылы 15 мамырда Навои қаласында (Өзбекстан) дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2018 жылы Ташкенттің "Бунёдкорының" сапында бастады. Ал 2020 жылы "Локомотив" (Мәскеу), "Тамбов", "Андижан" және Ташкенттің "Локомотив" командаларында өнер көрсетті. Жалпы кәсіби мансабында ол 59 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берген

Жасұр команда сапында жалға ойнайтын болады. Келісім-шарт сатып алу құқығымен, 2022 жылғы маусымның соңына дейін жасалды. Өзбекстандық футболшының алаңдағы негізгі позициясы – шабуылдаушы жартылай қорғаушы (оң қапталдағы).

Сонымен қатар алматылық клуб 29 жастағы сербиялық қорғаушы Раде Дугалич пен 26 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы Небойша Косовичтің командадан кеткенін хабарлады. Екі ойыншы да өзара мәміле бойынша клубпен келісім-шартты бұзды. Раде Дугалич "Қайратқа" 2019 жылы келіп, 95 матчта, 12 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Небойша Косович те алматылық клубқа 2019 жылы келіп, содан бері 72 матчқа қатысты (9 гол, 9 нәтижелі пас). Қос футболшы "Қайрат" сапында Қазақстан чемпионы атанды және ел кубогін жеңіп алды. Одан бөлек, клубқа Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуға көмектесті.

Айта кетейік бүгінде "Қайрат" Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Команда соңғы ойында босниялық "Борацпен" кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта алматылық клуб сапында 19 жастағы ирандық шабуылшы Ария Барзегар көзге түсті. "Борац" клубы Босния Премьер-лигасының ағымдағы маусымында турнирлік кестеде үшінші орында келе жатыр, ал өткен маусымда олар ел чемпионы атанған болатын. Құрбан Бердыев шәкірттері келесі кездесуін 12 ақпанда өзбекстандық "Навбахор" клубына қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу