"Қайрат" пен "Ақтөбенің" чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

1959

УЕФА-ның штаб-пәтерінде футзалдан Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті.

"Қайрат" пен "Ақтөбенің" чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

Бейсенбі күні Швейцарияның Ньон қаласында футзал бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жеребе тарту рәсімі өтіп, нәтижесінде Қазақстан чемпионы алматылық "Қайрат" пен елдің вице-чемпионы "Ақтөбе" Чемпиондар лигасының екінші турындағы қарсыластарын анықтады. Клубтар деңгейіндегі футзалдан басты еуропалық жарыстың жаңа форматы биылғы жылы өзгерістерге ұшырады. Егер бұған дейін командалар екі топтық турда негізгі төрт команда анықтаса, енді футзалдан Чемпиондар лигасы үздіксіз плей-оффқа айналды.

Енді барлық турнирлерді олимпиадалық жүйе бойынша өткізу жоспарланып отыр. Әр раундтан кейін қатысушылардың жартысын қалдыр туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге 1/16 және 1/8 финал матчтары әр жұптағы қарсыластардың біреуінің алаңында өтеді. Бірақ ширек финалдан бастап қалған турнирді бір қала қабылдайды. Әзірге Минск 28-сәуірге дейін сегіз ширек финалист бас қосатын финалдық кезеңнің қожайыны болып жарияланды.

Алматылық "Қайрат" 1/8 финалдаРумынияның Галац қаласының "Юнайтед Галац" командасымен ойнайды. Ал "Ақтөбенің" қарсыласы Словенияның Добовец-при-Поникве елді-мекенінің "Добовец" командасы болып отыр.

Турнир ережесіне сәйкес, 1/8 финалдың тағдыры бір ойында шешіледі. Қазақстандық қос команда да ойындарды өз алаңында қабылдайды.

1/8 финалдың барлық жұптары:

"Интер" (Испания) – "Херсон" (Украина);

"Ақтөбе" (Қазақстан) – "Добовец" (Словения);

"Қайрат" (Қазақстан) – "Юнайтед Галац" (Румыния);

"Олмиссум" (Хорватия) - КПРФ (Ресей);

"Бенфика" (Португалия) – "Береттьоуйфалу" (Венгрия);

"Югра" (Ресей) – "Витис" (Литва);

"Барселона" (Испания, чемпион) – "Аньер-Вильнев" (Франция);

"Спортинг" (Португалия) – "Хрудим" (Чехия).

Кездесулер 16 және 21 ақпан аралығына жоспарланған. Ойындардың нақты күні кейін белгілі болады. Ширек финал, жартылай финал және финал көктемде бір локацияда өткізіледі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу