"Қайрат" пен "Ордабасы" тең түсті

1407

Биылғы жаңа маусымда "Қызыл-Жар" сенсация жасап, көшбасшылықты қолдан берер емес.

"Қайрат" пен "Ордабасы" тең түсті

Бүгін Алматыда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының жетінші турының ойыны өтті. Жергілікті "Қайрат" шымкенттік "Ордабасымен" 2:2 есебімен тең түсті. Кездесудің 36-минутында Жоао Пауло "Қайратты" алға шығарды. 1:0 есебі 58 минутқа дейін өзгермеді. Одан кейін Ғафуржан Сүйімбаев таблодағы көрсеткішті теңестірді. Ал 68-минутта Асхат Тағыберген пенальти орындап, командасын алға шығарды. 76-минутта Жоао Пауло дубль жасап, алматылықтарды жеңілістен құтқарып қалды. "Ордабасы" турнир кестесінде үшінші орында қалса, "Қайрат" төртінші орынға көтерілді. Бірақ командалардың жағдайы ҚПЛ жетінші турын аяқтайтын "Астананың" "Қайсармен" сырт алаңда өтетін матчынан кейін өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар бүгін "Ақтөбе" "Тобылмен"тең түсті. Жетінші тур аясындағы кездесу Қостанайда өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Матч барысында қонақтар 2:0 есебімен алға шыққанымен, алаң иелеріне есепті теңестіріп кетті. "Ақтөбе" турнирлік кестеде екінші орында қалды. Бірақ, бірінші орын үшін күресте ұпай жоғалтты. Енді ақтөбеліктер көш басында тұрған петропавлдық "Қызыл-Жар" командасынан бес ұпай артта қалды.

Қазақстан чемпионатының жетінші турындағы ойында "Атырау" өз алаңында "Ақсуды" жеңді. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 65-минутта "Ақсу" командасының ойыншысы, Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Қайрат Жырғалбек уулу есеп ашты. Жеңіске жеткен жағдайда "Ақсу" турнирлік кестенің төменгі сатысынан көтеріле алар еді. Алайда кездесу соңында команда екі гол жіберіп алды. Алдымен 89-минутта Якоб Новак таразы басын теңестірді. Ал екінші жеңіс голының авторы Евгений Козлов болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу