"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынын қайдан көруге болады

360

UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі 2-тур аясында қазақстандық "Қайрат" пен испандық "Реал Мадрид" арасындағы кездесуді қай арнадан көруге болатыны белгілі болды.

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынын қайдан көруге болады Фото: inbusiness

Ойын 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда басталады. Матчты жанкүйерлер "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алғашқы турда алматылық команда сырт алаңда Португалияның "Спортингіне" 1:4 есебімен жол берген еді.

"Қайрат" негізгі кезеңде "Реал Мадридпен" қатар "Интер" (Италия), "Арсенал" (Англия), "Брюгге" (Бельгия), "Олимпиакос" (Грекия), "Пафос" (Кипр) және "Копенгаген" (Дания) клубтарына қарсы ойнайды.

Жалпы турнирге 36 команда қатысады. Бірінші тур 16 қыркүйекте басталса, соңғысы 2026 жылдың 28 қаңтарында өтеді. Плей-офф кезеңі 16-18 ақпанда, 1/8 финал 10-11 наурызда, ширек финал 7-8 сәуірде, жартылай финал 28-29 сәуірде өтеді. Финал 30 мамырға жоспарланған.

Ережеге сәйкес, топта алғашқы 8 орынға тұрақтаған командалар бірден 1/8 финалға шығады. Ал 9-24 орын алған клубтар 1/16 финалда бақ сынап, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады. Қалған командалар турнирмен қоштасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу