"Қайрат" пен "Шахтер" жеңімпазды анықтай алмады

1428

Бүгін оныншы тур аясында төрт кездесу өтті.

"Қайрат" пен "Шахтер" жеңімпазды анықтай алмады

Қазақстан чемпионатының оныншы турында "Қайрат" пен "Шахтер" тең түсті. Кездесу Алматыда өтіп, 1: 1 есебімен аяқталды. Алаң иелері 51-минутта екінші таймда Адеринсола Эсеоланың орнына шыққан Артур Шушеначевтің арқасында есеп ашты. Кездесу оңтүстік астаналықтардың жеңісімен аяқталатындай көрінді. Бірақ төртінші минутта "Шахтердың" қақпашысы Тимурбек Закиров өз командасының шабуылына қосылды және бұрыштамадан кейін басымен қақпаға соққы бағыттап, содан соң кейін алматылық команданың қорғаушысы Нұралы Әліптен доп қақпаға кіріп кетті.

Осылайша, "Қайрат" екінші матчта қатарынан қарсыластарымен тең түсіп, 17 ұпаймен "Таразды" қосымша көрсеткіштермен басып озып, үшінші орынға жайғасты. Өз кезегінде сегіз ұпаймен "Шахтер" командасы 11-орында қалды. Ал енді 11 турда, 14 мамыр күні "Қайрат" "Ақжайықпен", ал "Шахтер" сол күні "Тұранмен" кездеседі.

"Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры аясында шымкенттік "Ордабасыны" қабылдады. Матч Ақтау қаласындағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Бұл матчта алаң иелері қарсыластарының қақпасына 6 бірдей дәл соққы жасады. Бірақ барлығын да қақпашы Плотников қайтара алды. Ал "Ордабасы" небәрі екі дәл соққымен көзге түсті. "Каспий" бұл ойыннан кейін 13 ұпаймен жетінші орынға жайғасты. Ал үш матч бойы жеңістің не екенін білмеген шымкенттік ұжым 14 ұпаймен бір саты жоғары тұр.

"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры қарсаңында "Астананы" қабылдады. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 0:1 есебімен елордалық клубтың пайдасына аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол 34-минутта соғылды. Шабуылды бастаған "Астана" клубының қорғаушысы Кадете Барсегянға пас берді. Ал Барсегяннан пас алған Абзал Бейсебеков айып алаңның сыртынан тамаша соққы жасап, есеп ашты. Бұл жеңістен кейін Андрей Тихонов шәкірттері 26 ұпаймен алғашқы орында қала берді. Қоржынында 17 ұпайы бар "Тараз" төртінші орынға сырғыды.

"Ақжайық" OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында "Қайсарды" жеңді. Қызылордада өткен кездесу 1: 0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Шешуші голды 76-минутта Дмитрий Мичуренков соқты. Нәтижесінде оралдық клуб екінші матчты қатарынан жеңіп, 15 ұпаймен сегізінші орыннан бесінші орынға көтерілді. Ал Қызылордалық команда алты ұпаймен 12-ші орынға тұрақтады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу